ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Астанаға келген туристер саны шамамен 830 мың адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсім көрсетті.

Фото: istockphoto.com
Олардың ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдіктер. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Travel Forum 2026» халықаралық туристік форумында елорда әкімінің орынбасары Евгений Глотов мәлімдеді.
Биылғы форум «Қауіпсіз туризм» тақырыбына арналып, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін біріктірді. Бүгінде елордаға жыл сайын 1,6 миллионнан астам турист келеді.
Басты міндет – қонақтардың қалада ұзағырақ аялдауына жағдай жасау және оқиғалық туризмді дамыту арқылы халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.