19.09.2026, 17:00
Оқылды: 63

Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 19 қыркүйектен бастап пойыз билеттеріне күзгі жеңілдік ұсынады.

InShot_20260919_151144997

Фото: PR_KTZh

Жолаушылар бірқатар бағыт бойынша белгілі бір вагондарға билетті 20%-дан 30%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады

Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

1. №77/78 «Алматы – Маңғыстау» Вагон түрі: купе Жеңілдік: 20%

2. №9/10 «Астана – Алматы» Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон Жеңілдік: 30%

3. №67/68 «Астана – Өскемен» Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон Жеңілдік: 30%

4. №65/66 «Астана – Қызылорда» Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 25%

5. №11/12 «Алматы – Шымкент» Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 20%

6. №25/26 «Алматы – Шымкент» Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 20%

Жеңілдік мөлшері таңдалған пойыз бен вагон түріне байланысты.

Арнайы ұсыныс 19 қыркүйектен бастап дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін жоғарыда көрсетілген пойыздарға қолданылады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарының билет кассаларында сатылады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале