20.09.2026, 10:00
Оқылды: 6

​«Таза Қазақстан»: су нысандарынан 465 тоннадан астам қоқыс жиналды

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай ел өңірлерінде ауқымды сенбілік өтті.

IMG_20260920_012421_209_edit_149108281275410

Фото: QR_Su_resurstari_ministrligi

Оған «Қазсушар» РМК, бассейндік су инспекциялары, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі және «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ мамандары белсене қатысты.

​Сенбілік қорытындысы бойынша өзендер, көлдер, суару каналдары, су қоймалары және басқа да гидротехникалық құрылыстардың аумақтарынан 465,7 тонна қоқыс жиналды.

IMG_20260920_012415_654_edit_149121331712124

Сонымен қатар Астанада министрлік пен комитеттердің қызметкерлері көшелерді тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл жұмыстардың су нысандарын ластанудан қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызын атап өтіп, «Мөлдір бұлақ» акциясының да кең қолдау тапқанын еске салды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале