Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның спортшылары табысты өнер көрсетуін жалғастыруда.

Фото: Арлан Олжабай
55 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Жоламан Биғабыл қайсарлық танытып, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жарыс барысында ол сенімді өнер көрсетіп, ширек финалда тәжікстандық Мухсотуолло Муминовты (7:0), ал жартылай финалда Индонезия өкілі Мұхаммад Тегар Жануарды (6:1) айқын басымдықпен жеңді. Финалдық белдесуде өзбекстандық Хумоюнмирзо Халимовты ұтып, ел мерейін үстем етті.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz