22.09.2026, 20:00
Оқылды: 40

Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі 2027 жылы іске қосылады

​ҚР Үкіметінің хабарлауынша, елімізде жүргізушісіз такси қызметін 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

emkanicepic-taxi-5256235_1920

Фото: pixabay.com

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста осы бағыттағы жұмыстардың барысы талқыланды. Yandex Qazaqstan бас директоры Тимур Шалекеновтің айтуынша, қазіргі уақытта Алматы қаласында алғашқы жүргізушісіз автокөлік сынақ кезеңінен өтіп, деректер жинап, цифрлық картаны қалыптастыруда.

​Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің баяндауынша, пилоттық жоба қазірдің өзінде Алматы, Астана және Қосшы қалаларында қолға алынған. Сондай-ақ бұл көліктерді заңды түрде пайдалану үшін тиісті нормативтік-құқықтық база жасалып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале