28.09.2026, 10:30
Оқылды: 9

Батыс Қазақстан облысының креаторлары Creative Aimaq жобасы аясында 5 млн теңгенің өнімін сатты

26-27 қыркүйекте Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының «Жайық толқыны» креативті көрмесі өтті.

19e4e5f1b2a9be782a36633e41b97755be6628dee5783f0b9d395ee70b36f0cc_1280x720

Өңір креаторлары көрмеде Батыс Қазақстанның шығармашылық әлеуетін танытып, жергілікті брендтер мен авторлық туындыларын ұсынды.

cd566a7f7b04e637033826bd6c6e2583a81f18331e234fd1e0b69774ca52d9b2_1280x720

Жәрмеңкеге қолөнер шеберлері, суретшілер, зергерлер, дизайнерлер, ағаш және тері өңдеу ісінің 40-тан астам маманы қатысты.

Көпшілікке музыкалық аспап жасау, ағаш өңдеу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын әзірлеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Бағдарламада жергілікті дизайнерлердің топтамалары да ұсынылды. «Мария ханым» сән үйі, AS_brands.kz және «ДариЛили» сән орталықтары өз топтамаларын таныстырды.

7989996f19531d47e2fa09e5d7a7c29ee421f7c881c58884b68c01fe29f69281_1280x720

Көрмеде Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы да жан-жақты таныстырылды. «Балбалтас баяны» және «Музей мұрасы» жобалары арқылы облыстың тарихы мен құнды мұралары көпшілікке кеңінен насихатталды. Сондай-ақ «Долана» мультфильмі көрсетілді.

dc0b4d518c46b13dd4d33bfa7a83c983339d12c41687a8eae1a25a652363e1ec_1280x720

Екі күн ішінде көрмеге 3 мыңға жуық адам барды. Өңір креаторлары 5 млн теңгенің өнімін сатты.

Creative Aimaq жобасы өңір креаторларын қолдауға, отандық брендтерді кеңінен танытуға, креаторлардың өз өнімін нарыққа шығаруына жағдай жасауға, ұлттық мұраны дәріптеуге және креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале