29.09.2026, 9:45
Оқылды: 17

Оралда заңсыз граффитиге қарсы профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды

Орал қаласында граффитилердің алдын алу және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

98c076c5eb642e9cbd699d999dd1344d29eb28c1287751c37e034d55f44cb494_1280x720

Іс-шараға Орал қаласындағы "Жайық жастары" бірлестігінің 20-дан астам жас қыз-жігіттері мен Орал қалалық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар қала аумағындағы екі үлкен ауданды аралап, тұрғын үйлердің қабырғаларына бірқатар заңсыз граффити жазбасын анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері осы аумақтағы тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жұмысы өз нәтижесін берді. Бұл шараға сол аумақта қыдырып жүрген студенттер де өз еріктерімен қатысып, заңсыз жазуды жоюға атсалысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале