Қызылорда қаласында ҚР ІV Жазғы спорт ойындары аясында тоғызқұмалақтан өткен жарыста жекелей есепте батысқазақстандық Жарасхан Сағынбаев чемпион атанған, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Ал командалық есепте Дәулет Әбдікәрімов жаттықтыратын БҚО құрамасы үшінші орынға көтерілді.
Астана мен Алматы қалаларынан және еліміздің облыстарынан - барлығы 15 команда қатысқан сайыста ОҚО құрамасы бірінші, павлодарлықтар екінші орынға ие болды.
zhaikpress.kz