Шыңғырлау ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, әлеуметтік сала ардагерлеріне, үйден көмек алатын қарияларға, ардагерлер кеңесінің мүшелеріне ерекше құрмет көрсетілді.

«Азия» мейрамханасында өткен тағылымды басқосу аға буын өкілдеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жүректеріне жылылық ұялатты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев аға буын өкілдеріне ізгі тілегін арнап, олардың өнегелі өмір жолы мен қоғамға сіңірген еңбегінің кейінгі ұрпақ үшін зор үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Аталған мерекемен тұспа тұс келген туған күн иелері Альфред Исмагилов пен Дебехан Камзаеваға аудан басшысы арнайы құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Шара барысында аудандық мәдени демалыс орталығының өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әсем ән мен күмбірлеген күй, жүрекке жылы тиетін музыкалық шығармалар мен өнерпаздардың жарқын өнері көпшіліктің көңілінен шықты.
С.Тыныс
Шыңғырлау ауданы
