«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026»: үздік педагогикалық бастамалар республикалық сайысының өңірлік кезеңі мәреге жетті.

«Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығыың 2026 жылға жобасы аясында ұйымдастырылып отырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының негізгі мақсаты – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогикалық идеяларды қолдау, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және білім беру сапасын арттыру.
Биылғы байқауға 15 650 өтінім келіп түскен. Педагогтер өз жұмыстарын 8 бағыт бойынша ұсынған.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» – ұстаздардың шығармашылық ізденісін қолдап қана қоймай, олардың тиімді әдістемелік тәжірибесін әріптестерімен бөлісуіне жол ашатын маңызды алаң. Байқау барысында педагогтер білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған өздерінің озық тәжірибелері мен авторлық идеяларын таныстырады.
Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында осы бір тартысты бісекеде бөрлілік ұстаздар да олжалы. Ақсай қаласы №3 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Азамат Муфтиев «Метаматикалық сауаттылық» бағыты бойынша екінші орынға қол жеткізсе, Ақсай қаласы №9 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Раушан Кенесариева «Қаржылық сауаттылық» бағытында жүлделі үшінші орынға қол жеткізді.
-Бұл байқау дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұстаздар күні қарсаңында өңірлік сайыстан орны алу әрине үлкен қуаныш. Ұстаздардың тың бастамалар ұсынуға мүкміндік жасаған ұйымдастырушыларға мың алғыс. Барша әріптестерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!, - дейді жүлдер ұстаз Азамат Молдағалиұлы.
Өңірлік кезеңде 139 педагог жүлделі орынға ие болған. Олардың арасынан республикалық кезеңге жолдама алған ұстаздар өз жұмыстарын ел көлемінде таныстырып, кәсіби шеберліктерін сарапқа салады.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы