2.10.2026, 16:20
Оқылды: 42

Бөкей ордасында белгілі ақындар бас қосқан дүбірлі айтыс өтіп жатыр

Дәл қазір бөкейліктер асыға күткен республикалық ақындар айтысы басталды. Дүбірлі дода алдында Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов бөкейліктерді айтулы мерекемен құттықтап, жас ұрпаққа рух беретін тағылымды айтыс өтетініне сенім білдіріп, ақындарға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 17.26.56 (2)

Бұл айтыстың ерекшелігі, дода қорытындысын шығаратын қазылар алқасы болмайды. Жолдастық кездесу ретінде ұйымдастырылған сөз сайысына қатысқан барлық ақынға 750 мың теңгеден беріледі.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 17.26.57
"Дүбірлі додаға айтыстың арыстаны Бекарыс Шойбеков, таныстыруды қажет етпейтін Айбек Қалиев, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов және басқа да белгілі ақындар арнайы келді.Осындай рухани шара ұйымдастырған аудан әкімі Нұрлыбек Даумовқа және иін тіресіп, айтысты тамашалап отырған қалың көрерменге алғыс айтамын», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, БҚО ақындарының бағбаны атанған Бауыржан Халиолла.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 17.26.58
Айтыстың алғашқы жұптары сахна төріне шығып ұтқыр оймен, әдемі әзілмен зал толы көрерменге көңілді күй сыйлауда.

Гүлжамал Жолдығали

"Орал өңірі"

WhatsApp Image 2026-10-02 at 17.26.57 (2) WhatsApp Image 2026-10-02 at 17.26.59

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале