2.10.2026, 17:30
Оқылды: 42

Зейнеп Баянова – Азия ойындарының қола жүлдегері

Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен сынға түскен қазақстандық балуан Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 18.12.45

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз жарысты сәтті бастап, алғашқы кездесуінде Моңғолия өкілі Мөнхнар Бямбасүрэнді жеңді. Одан кейін Оңтүстік Корея балуаны Миран Чоннан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 18.12.45 (1)

Алайда ақтық сынға шығу үшін өткен белдесуде жапониялық Юи Сусакиге есе жіберді. Соған қарамастан, Зейнеп жүлдеге қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 18.12.48

Шешуші белдесуде ақжайықтық балуан Үндістан өкілі Дипаншимен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Зейнеп қарсыласын туше әдісімен жеңіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 18.12.48 (1)

Осылайша Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Зейнеп Баянова құрлықтық додада жүлдегерлер қатарынан көрініп, ел қоржынына тағы бір медаль салды.

WhatsApp Image 2026-10-02 at 18.12.47 (1)

Зейнеп Баянова мен бапкері Мұсабек Нарегеевті жетістігімен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағын биікте желбіретіп, алдағы жарыстарда да толағай табысқа жете берсін!

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 Фото: Нұрғали Жұмағазы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале