Шыңғырлау ауданында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің «Дала дәмі» атты жәрмеңкесі өтті.

Игі шараға Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, сауда сөрелерін аралады және жергілікті тауар өндірушілер ұсынған өнімдердің сапасымен танысып, олармен тілдесті.

Жәрмеңке барысында тұрғындарға ет, балық, сүт өнімдері, көкөністер мен өзге де күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік түрлері делдалсыз, қолжетімді бағамен ұсынылды. Мұндай шаралар жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін арттырып, отандық өнімге деген сұранысты нығайтуға үлкен серпін береді.
Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы