5.10.2026, 15:15
Оқылды: 12

Сырым ауданында 72 отбасы баспаналы болды

Бүгін Сырым ауданында жалғыз үйі апатты деп танылған 72 отбасы баспаналы болды. Жымпиты ауылында салынған үш қабатты екі үйді пайдалануға беру рәсіміне аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

6007b5f5f63034f40fea8f1571fe53ba4d23328536268183d5d36e8b76a03b22_1280x720

Биыл жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық қордан тұрғын үй беру және бөлу тәртібі жаңартылып, бұл құзырет жергілікті атқарушы органға қайтарылды. Бұған дейін бұл санаттағы азаматтарды баспанамен қамту ісі «Отбасы банк» арқылы жүргізілді.

1a315fc3e2aa65de0716e6d7fdb33195adf06420af545ee9d8223480fae32de4_1280x720

Облыс әкімі апатты үй тұрғындарын қолдау тетіктерінің кеңейтілуі бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіріп, тың серпін бергенін атап өтті. Жыл соңына дейін осы санат бойынша кезекте тұрған азаматтардың 50 пайызын баспанамен қамту жоспарланып отыр.

a3824da4078cf65f0302293e9dafa0154aba5449a19e297798a1b52832da553e_1280x720

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған Халықтық Конституцияда адамның өмір сапасын жақсарту – мемлекет дамуының ең басты стратегиялық бағыты болып айқындалды.  Осы ретте өңір тұрғындарын баспанамен қамту – маңызды міндеттердің бірі. Біз ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын арттыруға ерекше назар аударып отырмыз. Жыл басында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 600-дей азамат тұрғын үй кезегінде тұрған еді. Олардың бірқатарына облыс орталығында, Жаңақала ауданында жаңа пәтерлер берілді. Республика күні қарсаңында қуанышқа кенелген жаңа қоныс иелерін құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!, - деді Нариман Төреғалиев.

6b27e854c376a3d76fa317f777304dd97b96b31926ad45aaba7879dd1a18e092_1280x720

Айта кетейік, Сырым ауданында 800-дей азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның 160-тан астамында жалғыз үйі апатты деп танылған. Бұл санаттағы отбасыларға келесі жылы тағы 36 пәтердің кілті табысталады.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

0a5e5bddaf659fe264e6d4a73762dfc98b46e68c0ec79f335bb22b6720e7a11e_1280x720 01beb6ebaf298a5e81274368dee01d99af8db7f2137731d40a2294414bafa050_1280x720

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале