Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» атты бағдарламасына ерекше қөңіл бөлуі өлкетанушы ретінде менің көңіліме қонды.
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дейді халық даналығы. Қазіргі уақытта мектеп оқушылары әлем елдерінің астаналарын, жер-су атауларын, көрнекті орындары мен ғимараттарын жақсы біледі, тіпті көптеген шет елдерге де барып келген.
Ал туған жерінін тарихы, топонимикасы, табиғи, киелі орындары, тағы басқалар туралы мәлімет оларға берілмейді. Сондықтан бұл бағдарламаның маңызы өте зор деп есептеймін.
Қазақстандық патриотизмді халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, туған жердің тарихын танып-білу арқылы ғана жеткіншектердің бойына сініруге болады. Кең байтақ еліміздің әр жерінде, облыс-аудандарда киелі жерлермен қатар қасиетті рухани құндылықтар осы күнге дейін сақталған. Осы орайда
Бөкей ордасының тарихи және табиғи ескерткіштерін атап өткен жөн. Соларды оқушыларды таныстыру жолында «Туған жер» бағдарламасының орны зор. Елбасы Н.А.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді».
Айболат Құрымбаев
SAYAT этно-туристік
орталығының директоры
zhaikpress.kz