Оралда «Тең мүмкіндік» балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Спорттық шараға Орал қаласы мен өңірдің барлық ауданынан 138 бала қатысып, өзара сынға түсті.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында өткен ерекше жарысты «Әділет» партиясы БҚО филиалы мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа қатысқан тоғыз команда қатарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 56 бала болды. Қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және көңілді сөре эстафетасы жарыстарында бақ сынады. Спорттық сайыстар балалардың қабілеттерін шыңдап қана қоймай, достықты, өзара қолдау мен командалық бірлікті нығайтуға мүмкіндік берді.
Фестивальдың ашылу салтанатында «Әділет» партиясы облыстық филиалының басшысы Бауыржан Бектұрған инклюзивті спорттың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ партияның облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының жетекшісі Нұргүл Ашықова қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысында команда мен қатысушы өз санаттарында үздік атанды.
Жеңіл атлетика:
Көңілді СӨРЕ эстафетасы:
Бочча:
Фестивальдың негізгі мақсаты – спорт арқылы балаларды бірлікке шақыру, әр адамның қабілеті мен мүмкіндігіне құрметпен қарау, қоғамда өзара қолдау мен түсіністік мәдениетін қалыптастыру.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Тең мүмкіндіктер» фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алды.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»