ҚР Туризм және спорт министрлігінің дерегіне сәйкес, Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында 2027 жылы Астана қаласында өтетін дзюдодан әлем біріншілігінің ресми туы Қазақстанға табысталды.

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi
Халықаралық дзюдо федерациясының Бас хатшысы Лиза Аллан туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке салтанатты түрде тапсырды.

Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыс 2027 жылдың 7-14 маусымы аралығында өтеді. Бұған дейін, 2015 жылы да Астана осындай беделді доданы қабылдаған болатын.

Қазақстан федерациясының басшысы чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастырумен қатар, ұлттық құрама спортшыларының дайындығына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.