11.10.2026, 17:00
Оқылды: 3

Таеквондо: Мария Севостьянова Париждегі Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясы турнирінде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

IMG_20261011_174107_038

Фото: DRSQazaqstan

Әйелдер арасында -57 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Мария Севостьянова 3-орын алды. Ол алғашқы жекпе-жегінде тайпэйлік Вей Чун Линді 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін мажар спортшысы Лука Патакфалвиден де 2 кезеңде басым түсті. Жартылай финал үшін болған жекпе-жекте Севостьянова өзбек спортшысы Мадина Марабзалoваны 2:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Мария Клара Пачекодан (Бразилия) жеңіліп қалды. Есеп: 0-2.

Енді осы маусымдағы Гран-придің финалы келесі айда Астана қаласында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале