13.10.2026, 0:10
Оқылды: 2

Еңбек еленген күн: БҚО филармониясының өнерпаздары марапат иеленді

Бүгін «Атамекен» концерт залында жалпы ұжым жиналысы өтті. 

IMG_8065

Жиынға Орал қаласы әкімі Мұрат Байменов арнайы келіп, Қала күні қарсаңында өткен «Жайық сазы» этнофестивалінің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының директоры Бауыржан Ергенұлына алғыс білдіріп, өз атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

Аталған фестивальде өнер көрсеткен бірқатар әріптесімізге шаһар басшысы алғысхат табыстады.

IMG_8070

Жиын барысында мекеме басшысы Бауыржан Ергенұлы филармонияның 60 жылдық мерейтойы аясында атқарылатын ауқымды жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған маңызды міндеттерге тоқталды.

IMG_8080

Өз кезегінде Бауыржан Ергенұлы филармония ұжымының бірқатар әртісін дәстүрлі ән айтудағы жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартуға арналған жобада белсенділік танытқаны үшін БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан алғысхатпен, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С. Иманқұлованың Құрмет грамотасы және алғысхатымен, облыстық филиалының төрағасы А. Батырхановтың алғысхатымен, БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медхат Қамбетов пен өз атынан алғысхатпен марапаттады.

IMG_8072

Одан бөлек, бірқатар әріптесіміздің өңіріне «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі тағылды.

Сондай-ақ мерейлі жас иелері мен бүгінгі туған күн иелерін, бүгінгі кәсіби мереке иелері — Кадр қызметкерлері күнімен әріптестерді құттықтап, естелік сыйлық тарту етті.

IMG_8068

Өнерге құрмет ұлықталып, еселі еңбек еленген, абырой мен алғыс тоғысқан тағылымды басқосу ұжымға шабыт сыйлап, өз мәресіне жетті.

Айжан Бауыржанқызы, 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале