20.10.2026, 17:45
Оқылды: 11

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

БҚО әкімінің өкімімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Сәкен Қазбекұлы Мырзақұлов тағайындалды.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 18.41.06

Ол 1989 жылы туған. Білімі жоғары. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар, «Құқықтану» және «Экономика» біліктілігі бойынша бакалавр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2013 жылы дәрігер-гинеколог болып бастап, түрлі медициналық мекемелерде жұмыс істеді. Әр жылдары Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтерді атқарды.

Қазіргі лауазымға дейін БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале