29.10.2026, 9:15
Оқылды: 12

Аспан астындағы музей қала

Жақында Оралдағы Достық үйінде «Аспан астындағы музей қала» атты республикалық экскурсиялық бағдарлау жарысы басталды.  Бұл іс-шара Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында жасөспірімдерге Ақ Жайық өлкесін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 

DSC01321

Бұл жарыс ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу әдістеме-
лік орталығының қолдауымен, облыстық балалар мен жасөспірімдер, туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Орал қаласы мен облыстың бірнеше ауданынан, сондай-ақ Ақмола облысы және Атырау қаласынан жас  өлкетанушылар  келді.

Іс-шара шымылдығы мемлекеттік Әнұранмен түрілді. Одан кейін облыстық балалар мен жасөспірімдер, туризм және экология орталығының директоры Айгүл Қасымова сөз алды.

– Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан жарыстың ұрпақ үшін де берері мол.  Жарыс барысында жасөспірімдер Орал қаласының тарихи-мәдени нысандарын аралап, олардың тарихымен танысады. Бұл оқушылардың ойлау, зерттеу дағдыларын қалыптастырып, олардың бойындағы отансүйгіштік сезімді күшейтеді, – деді  орталық  директоры.

DSC01319

«Аспан астындағы музей қала» бағдарлау жарысы «Экскурсиялық бағдарлау», «Тарихтың үнсіз куәгерлері» зерттеу жобасы, «Бір ескерткіш – бір оқиға» подкаст аталымынан тұрады. Әр бағыттың өзіндік ерекшелігі бар. Қатысушылар карта арқылы Орал қаласындағы тарихи-мәдени нысандарды тауып, бақылау пунктіндегі өлкетану бағытындағы тапсырмаларды орындайды. Сондай-ақ тарихи маңызы бар ғимараттар мен ескерткіштерді зерттеп, олардың мәдени құндылығын, қазіргі жағдайын таныстырады. Қорытындысында тарихи орындар мен ескерткіштер туралы үш минутқа дейін ауторлық бейнематериал дайындайды. Осының нәтижесінде жасөспірімдер туған өлкенің тарихын тереңірек тануға  мүмкіндік  алады.

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале