25.10.2026, 17:30
Оқылды: 4

«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасының бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасына қатысқан тәлімгер шеберлердің бейнесабақтары YouTube желісінде жарияланды.

InShot_20261023_233630706

Фото: madenietaqparat

Енді кез келген адам қазақтың қолөнерінің ерекшелігімен танысып, тәжірибелі мамандардан тегін үйрене алады. Сабақтар қолданбалы өнердің түрлі бағыттарын өз бетінше меңгеруге бағытталған.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Білім беру жобасы аясында 10 қолөнер шеберінен 8-20 жас аралығындағы 208 оқушы тәлім алды. Оқу бағдарламасы зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, киіз басу, керамика, кілем тоқу және дәстүрлі қолданбалы өнердің өзге де түрлерін қамтитын 10 бағыт бойынша өтті.

Бейнесабақтар шеберлердің білімі мен тәжірибесін көпшілікке танытуға, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге және қолөнер дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале