29.10.2026, 16:40
Оқылды: 33

Мемлекет басшысы алдымызға әлеуметтік - экономикалық даму міндеттерін қойды

2026 жыл Қазақстанның саяси жүйесі үшін ерекше жыл болды. Еліміздің жоғары саяси билік жүйесін түбегейлі өзгеріске түсірген саяси реформалар пакеті іске асырылды.
Ел халқы 15 наурызда өткен Бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылдады. Еліміз жаңа саяси шындықтар дәуіріне қадам басты.
651140430_1972572686667844_6434165760948019008_n
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, алдағы болашаққа ауқымды әлеуметтік - экономикалық даму міндеттерін қойды.
Экономиканы дамытудың басым бағыттары ретінде заманауи және жоғары технологиялы инфрақұрылым мен логистиканы қалыптастыруды жедел қолға алу мен экономиканы толықтай цифрландыруды Үкімет пен өңірлер биліктерінің алдына басты міндет ретінде қойды.
Келесі жылы елімізді орасан зор құрылыс алаңына айналдыру мақсатына Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетіндігі баса айтылды. Болашақ ұрпаққа тек есепте тұрған қаржы ғана емес, қуатты әрі жоғары технологиялы экономика, саяси тұрақты мемлекет пен кепілді әлеуметтік жүйе қалдыру керектігін баса қадағалап айытты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев жаңа геосаяси шындықтар мен жаһандану жағдайында өршіп келе жатқан қатал экономикалық бәсекелестіктер жағдайында елдің бірлігі мен саяси тұрақтылықты сақтау мемлекет пен қоғамның басты міндеті ретінде атап өтті.
Тұрар Шайхиев
Дереккөз: facebook
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале