Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде балалар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Еліміздің әр өңірінен жиналған жас балуандар қатысқан жарыста Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ақсуат негізгі мектебінің оқушысы Аят Шалабаев 38 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, III орынға ие болды. Осылайша жас спортшы чемпионаттың қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Бұл жетістік жас палуанымыз Аяттың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, жаттықтырушысы Ерболатов Құсайынның кәсіби дайындығы мен қолдауының нәтижесі.
Сара Әділ
Шыңғырлау ауданы