3.11.2026, 9:45
Оқылды: 14

3 миллион қарағай көшеті: орманды қалпына келтіруге 300 млн теңге бөлінді

Қазақстанда орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда, - деп жазады Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

00a601215430515455fdc91b5677f088d6994f5a7569d33df3812e3c5131d5bd_1280x720

Осы мақсатта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарлануда.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 300 млн теңге көлеміндегі қаржылық қолдаумен жүзеге асырылуда.

Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының ауданын ұлғайту және табиғи экожүйелерді сақтау.

Қарағай көшеттерін отырғызу – болашақ орманды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Бүгінгі көшет – ертеңгі орман!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале