3.11.2026, 11:15
Оқылды: 24

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарлануда

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды. Құжат 12 бағыт бойынша 96 іс-шараны қамтиды.

5424668781935534922

Жоспар аясында «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бекітіледі. Оны жүзеге асыру кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын пайдалану жоспарлануда.

«Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінетін болады. Жұмыстар сапасын бақылау қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ТКШ-ні жаңғырту, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, елді мекендерді ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету көзделген», — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын кеңейту жоспарлануда. 2027 жылдың мамыр айында Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайларды пайдалануға беру жоспарланған. Тағы бір жоба – Астанада жаңа әуежай салу. Жұмысты келесі жылдың маусым айында бастау жоспарлануда.

2027 жылдың соңына дейін «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Автомобиль көлігі саласында заманауи жол бойы инфрақұрылымын жайластыра отырып, «Арал – Каспий« және «Көкшетау – Петропавл» трассаларын қоса алғанда, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау жалғасады. Соңғы кезең барлық автомобиль өткізу пункттерін толық реконструкциялау, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесін енгізе отырып, жүк тасымалын электрондық құжаттарға ауыстыру болмақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале