3.11.2026, 15:00
Оқылды: 33

БҚО-да полицейлер жарақат алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді

Подстепное – Илек автожолында қызмет атқару кезінде БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қасына бір автокөлік тоқтап, көлігінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жарақат алған азаматтың бар екенін айтып, оны медициналық мекемеге тез арада жеткізуге көмектесуді сұраған, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. 

Полиция ЖП

Жарақат алған азамат Қаратөбе ауданының тұрғыны екен. Ол құдыққа құлап, кеуде тұсына әйнек бөтелкенің сынығы кіріп, жарақаттанған. Шыны сынықтары тері астына кіріп кеткен. Қанды тоқтату үшін жарақаттанған жерін дәкемен басып келе жатыр екен. Өзінің айтуынша, ол шамамен 1–1,5 литр қан жоғалтқан. Сондай-ақ басы айналып, қатты әлсірегенін айтқан.

Әр минуттың маңызды екенін түсінген полиция инспекторлары Ринат Бигалиев пен Айбар Рашидов жарақат алған азаматты қызметтік көлікке отырғызып, қалалық көпбейінді ауруханаға жедел түрде жеткізген.

Ол бірден ота жасау бөліміне жатқызылды.

Осылайша тәртіп сақшылары аталған азаматты аман-есен медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайда әр минуттың маңызы зор. Уақытында көрсетілген көмек пен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы талай рет адам өмірін сақтап қалуға себеп болған.

Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен адам өміріне деген жауапкершілігін, сондай-ақ қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын екендігін тағы бір мәрте көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале