3.11.2026, 15:15
Оқылды: 25

Әлемдік аренада да алтын тұғырға көтерілген дзюдошы қыз

 

Қазақстандық жас спортшы, жерлесіміз Фатима Сұпығалиева халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеде топ жарып, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды. Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен дзюдошы ел қоржынына алтын медаль салды.

image-03-11-26-02-11-5

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Фатима жарыстың шешуші кезеңіне дейін сүрінбей жетіп, финалда Португалия спортшысы София Гаспармен кездесті. Тартысты белдесуде қарсыласынан басым түскен отандасымыз жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның көк байрағын халықаралық аренада желбіретті.

image-03-11-26-02-11-3

Жас спортшының бұл жеңісі тынымсыз жаттығу мен табандылықтың жемісі. Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған Фатиманың жеңісі туған жері үшін де зор мақтаныш.

image-03-11-26-02-11-2

Жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атану – спортшының мансабындағы маңызды белес әрі алдағы үлкен жеңістерге бастар жол. Жерлесіміздің бұл жетістігі жас спортшыларға үлгі болып, өңір спортының мерейін үстем етті.

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

image-03-11-26-02-11 image-03-11-26-02-11-4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале