3.11.2026, 16:30
Оқылды: 14

Жәңгір хан университетінің студенттері «Pizza Pitch» стартап-жобалар байқауының жеңімпазы атанды

Орал қаласында «Batys Hub» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Pizza Pitch» байқауы өтті.

IMG_9633.JPG

Облыстық деңгейдегі байқауға Жәңгір хан университетіндегі «ақпараттық жүйелер және технологиялар» мамандығының студенттерінен құралған «Neuralese» тобы қатысып, І орынға ие болды.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылған стартап-жобалар байқауында университет намысын топ мүшелері Елер Брманов пен Ернар Мерханов қорғады.

Айта өтейік, «Neuralese» – код жазбай және күрделі математикалық есептеулерді қолданбай-ақ, нейрондық желілердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін үйренуге мүмкіндік беретін жасанды интеллектті оқытуға арналған визуалды әрі интерактивті платформа.

Қоса кетсек, университет студенті Елер Брманов – ҚР Президенті стипендиясының иегері, сондай-ақ халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар мен жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының түрлі салаларына енгізілген инновациялық жобалардың авторы.

IMG_9636.JPG

Ал Ернар Мерханов – Польшада білім алуға арналған республикалық гранттың иегері. Сонымен бірге халықаралық «nFactorial Incubator» бағдарламасын сәтті аяқтаған студент. Әрі ол – робототехника бағыты бойынша облыстық деңгейдегі жарыстардың жүлдегері.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале