7.11.2026, 17:00
Оқылды: 39

Қазақстандықтар әлеуметтік аударымдардың түсуін онлайн тексере алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлер жұмыс берушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды уақтылы аударып отырғанын қалай тексеруге болатынын түсіндірді.

InShot_20261107_114650658

Фото: enbekgovkz

Бұл жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік төлемдер алу құқығын айқындау үшін маңызды. Жұмыс берушілер бұл төлемді өз қаражаты есебінен табыстың 5%-ы мөлшерінде ай сайынғы айдың 25-інен кешіктірмей жүргізуге тиіс.

​Өз бетінше тексеру үшін азаматтар eGov.kz порталына кіріп, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру» қызметін таңдау арқылы қажетті кезең бойынша электрондық сұрау салу жолдай алады. Сонымен қатар бұл мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен немесе ХҚКО мен МӘСҚ филиалына жеке басты куәландыратын құжатпен тікелей жүгіну арқылы алуға мүмкіндік бар.

​Егер жекелеген айларда аударымдар түспегені анықталса, мәліметтерді салыстыру үшін алдымен жұмыс берушіге немесе бухгалтерияға хабарласу қажет. Ал жұмыс беруші міндеттемесін орындамаған жағдайда жұмыскер аударымдардың толықтығын қадағалайтын мемлекеттік кірістер органдарына шағымдануға құқылы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале