13.11.2026, 0:00
Оқылды: 0

2027 жылы дәстүрлі ҰБТ жүйесі сақталады - Саясат Нұрбек

Келер жылдағы ҰТБ жүйе өзгермейді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды qazaqparat_kz. 

InShot_20261112_213431831

Фото: QazAqparat_kz

- Алдағы уақытта ҰБТ бойынша қосымша ақпарат беретін боламыз. Келесі жылдан бастап жаңадан пысықталған тест — AIT (Admission Insight Test) деген тест пилоттық форматта іске қосылады, - деді С. Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда министр 2027 жылы елде дәстүрлі ҰБТ сақталатынын нақтылады

- Жаңа тест тек пилоттық жоба ретінде ғана енгізіледі. Сондықтан бұл тақырыпта дүрбелең жасап керек емес, яғни министрліктің ресми ақпаратына назар аударған жөн, - деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа форматтағы тест тапсырмалары әлі әзірленіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале