Ұлттық валюта – теңге күніне орай өңірдің қаржы саласында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Ұлттық валютамыз – еліміздің экономикалық дербестігі мен тәуелсіздігінің айқын нышаны. Бүгінде қаржы саласының мамандары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға зор үлес қосып келеді. Әрбір жүзеге асырылған жобаның, ел игілігіне берілген нысанның артында сіздердің жауапты еңбектеріңіз тұр. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деді Нариман Төреғалиев.

Шара барысында БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева, Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиев, облыстық қаржы басқармасының бас маманы Марина Мирская және БҚО құрылыс басқармасының басшысы Айғаным Тамаева ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.
Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің алғыс хаты Ерлан Досовқа, Мұратбек Сәлімғалиевке, Жанар Валиеваға және Елена Федотоваға табысталды.

Ал, Жақсылық Мұханбетжанов, Сәкен Сағынтаев, Асқар Жолдығұлов, Райгүл Сапарова, Людмила Тастембекова, Тахмина Әжіқанова және Жаслан Кайшегулов облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жиын соңында БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева әріптестері атынан көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі