13.11.2026, 17:40
Оқылды: 23

Теректі ауданында Ұлттық валюта күніне орай салтанатты жиын өтті

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік басқосуға ауданның қаржы саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандар мен осы саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагерлері қатысты.

906579406_3521685948013274_8049978014375261819_n

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде қаржыгерлердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.

905264637_3521685831346619_6552142270718245015_n

-Мемлекетіміздің алтын діңгегі — Тәуелсіздігіміздің нығаюы мен экономикамыздың тұрақтылығы сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Қаржы саласы — терең білім мен зор жауапкершілікті талап ететін аса маңызды мамандық. Ауданымызда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктердің артында сіздердің өлшеусіз үлестеріңіз жатыр. Өңіріміздің қайнаған тіршілігі мен әрбір саланың дамуында өздеріңіздің айшықты кәсіби қолтаңбаларыңыз бар,-деді Дархан Ережепұлы.

Сонымен қатар өз саласында белсенділік танытқан бірқатар мамандарға аудан әкімінің атынан алғысхаттар табысталды.

Мерекелік кеш барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әуендерін тарту етіп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қ.Аманжолқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале