14.11.2026, 10:30
Оқылды: 0

Қазақстан өкілдері Қазанда өткен BRICS халықаралық құрылыс апталығына қатысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) «Қазан ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында түрлі елдердің мемлекеттік органдары, салалық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің басын қосқан BRICS халықаралық құрылыс апталығы өтті.

 IMG_20261114_100347_437

Фото: minpromstroykz

Іс-шара құрылыс саласын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, инновациялық технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды.

Қазақстан атынан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков қатысты.

Қазақстан делегациясының Татарстан Республикасы Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасарларымен екіжақты кездесуі маңызды іс-шаралардың бірі болды. Тараптар құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу, тұрғын үй құрылысын дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Құрылыс саласын цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Тақырыптық дөңгелек үстелде «Мемсараптама» РМК бас директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Саламат Серікқалиев мемлекеттік сараптаманы цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын қолданудың келешегі жөнінде баяндама жасады.

Пленарлық отырыста әлемдік құрылыс индустриясын дамыту мен құрылыс процестерінің тиімділігін арттырудың негізгі үрдістері қаралды. Қатысушылар саланы орнықты дамытуға қатысты озық тәжірибелер мен жаңа тәсілдерді де талқылады.

Қазақстанның форумға қатысуы кәсіби байланыстарды нығайтуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы келешегі зор шешімдерді зерделеуге қосымша мүмкіндік болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале