14.11.2026, 11:30
Оқылды: 0

Ақжайық ауданының прокуратурасы инвестициялық жобаның жүзеге асуына кедергі болған мәселені шешті

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы инвестордың қызметіне кедергі келтірген түйткілді шешті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.

прокуратура

Фото: GenPr

«Нығмет» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығын дамыту үшін 462 миллион теңгеге жаңбырлатып суару жабдығын орнатқан болатын. Алайда «Көшім» арнасына судың жеткіліксіз келуіне байланысты қымбат тұрған техниканы толық пайдалану мүмкін болмады.

​Аудан прокуратурасы инвестормен және «Қазсушар» РМК филиалының өкілдерімен тікелей кездесу өткізіп, мәселені оңтайлы шешті. Нәтижесінде судың қажетті көлемде берілуі қамтамасыз етіліп, жабдықтың істен шығуына жол берілмеді. Ведомство кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары тұрақты бақылауда екенін еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале