Қазақстанда орта буын медицина мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында колледждерді мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары күшейтілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Фото: istockphoto.com
Егер 2026 жылы бұл үдеріс пилоттық режимде басталып, 4 оқу орнын қамтыса, алдағы 2027 жылы еліміздегі 100 медициналық колледждің қақ бөлігі – 50 білім беру ұйымы міндетті түрде көшпелі тексеруден өтеді.
Арнайы комиссия колледждердің материалдық-техникалық базасын, симуляциялық орталықтардың жабдықталуын, оқу үдерісін және кадр даярлау сапасын мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалайды. Мемлекеттік және жекеменшік колледждерді қамтитын бұл ауқымды бақылау шарасы сала мамандарын даярлаудың деңгейін түбегейлі жақсартуға бағытталған.