14.11.2026, 17:30
Оқылды: 0

Жасөспірімдер Олимпиадасы: семсерлесуші Айбар Қайым күміс жүлдеге ие болды

ҚР ҰОК хабарлауынша, отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесті.

IMG_20261114_115009_394

Фото: olympickz

Нәтижесінде түркиялық семсерлесуші 15:6 есебімен жеңіске жетті.

Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 келі) және Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) күміс жүлдеге ие болған еді. Ал боксшы Марал Төлепберген (54 келі), таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) және триатлоншы Рамазан Әйнегов үшінші орын алды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале