15.11.2026, 10:00
Оқылды: 79

Балалар арбасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Әлеуметтік желілерде тараған балалар арбасымен қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

InShot_20261114_233230783

Фото: kolikpress

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың арбамен жүруіне шектеу қоймайды.

​Жаңа өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толы болған жағдайда арбаны жиналған күйде алып жүру ұсынылады. Алайда бұл талап жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз  етуге бағытталған және егер ата-анаға арбаны жинау қолайсыз болса, олар сапарын бұрынғыдай жайылған күйінде жалғастыра береді. Ережелерді сақтамағаны үшін ешқандай айыппұл түрі немесе автобустан мәжбүрлеп түсіру шаралары қарастырылмаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале