Әлеуметтік желілерде тараған балалар арбасымен қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Фото: kolikpress
Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың арбамен жүруіне шектеу қоймайды.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толы болған жағдайда арбаны жиналған күйде алып жүру ұсынылады. Алайда бұл талап жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және егер ата-анаға арбаны жинау қолайсыз болса, олар сапарын бұрынғыдай жайылған күйінде жалғастыра береді. Ережелерді сақтамағаны үшін ешқандай айыппұл түрі немесе автобустан мәжбүрлеп түсіру шаралары қарастырылмаған.