Бұл туралы БҚО әкімдігінде өткен актив отырысында обылыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов айтты.

- 2026-2027 жылдары ветеринария саласының материалдық базасын нығайтуға деп республикалық бюджеттен 3,5 млрд қаржы бөлінді. 2026 жылы үш ветеринариялық сатанция, 31 ветеринариялық пункт, 40 мал қорымы салыну жоспарланып, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Қазіргі таңда Ақжайық, Қаратөбе, Тасқала аудандарындағы ветеринариялық станция ғимараты және 29 ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталды. Ал 2027 жылы 24 ветеринариялық пункт, 33 мал қорымын салу жоспарлануда, - деді облыс активінде баяндама жасаған аймақ басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.
Жанат Көшкінбай,