17.11.2026, 11:00
Оқылды: 5

Аустралиядан Ақжайыққа түлік жетті

Ауданымыздағы Қанат Досқалиев жетекшілік ететін «Amaner-IZI» шаруашылығының табыны Аустралиядан әкелінген 250 бас асыл тұқымды ірі қарамен толықты. Герефорд және абердин-ангус тұқымдарына жататын мал алдымен Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға ұшақпен жеткізілген.

ЖП мал, Ақжайық ауд-2026

Шетелден келген мал 21 күндік карантинге қойылып, ветеринариялық бақылаудан өткізілген. Мамандар жануарлардың жалпы жағдайын бағалап, жұқпалы аурулардың клиникалық белгілерін тексерген. Ілеспе құжаттардың сәйкестігі мен санитариялық талаптардың сақталуы да назарға алынған.

ЖП мал, Ақжайық ауд-2026

Қанат Досқалиевтің малды асылдандыруға ден қойғанына ширек ғасырдан асты. Кәсібін қазақтың ақбас тұқымды 75 бас ірі қарасынан бастаған азамат жылдар бойы мал басын көбейтіп, шаруашылықтың өндірістік мүмкіндігін кеңейтті. Шаруашылықтың бордақылау бағытында да тәжірибесі бар. 2400 басқа арналған бордақылау алаңы 2023 жылы пайдалануға берілген.

ЖП мал, Ақжайық ауд-2026

Мал басын көбейтудің арғы жағында қысқа жетерлік жемшөп қамы тұратыны белгілі. Қожалық осы бағытта суармалы егіншілікке көңіл бөлген. Ол үшін шаруашылық иесі 2021 жылы айналмалы үш жаңбырлату қондырғысын орнатып, екпешөп өсіруде.

Аустралиядан асыл тұқымды мал әкелуін осы жұмыстардың бек жалғасы деп білеміз.

 

Әлия Шарапиева,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале