22.11.2026, 18:00
Оқылды: 27

Соңғы үш жылда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды

Бүгінде елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы ОКҚ. 

ЖП балалар

Фото: ortcom_kz

«Соңғы жеті жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1 483 бірлікке ұлғайды. Инфрақұрылымды кеңейту жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы ұйымдарды реконструкциялау және олардың қуаттылығын арттыру, сондай-ақ жаңа мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар ашу есебінен жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале