22.11.2026, 18:30
Оқылды: 27

​Бөрлі ауданының паратаеквондошысы Мәлік Мұқашев үш дүркін әлем чемпионы атанды

Бөрлі ауданының мақтанышы, паратаеквондошы Мәлік Мұқашев әлемдік аренада тағы бір тарихи жеңіске қол жеткізді.

InShot_20261122_213444867

Ол Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан XI әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді.

K-41 санаты бойынша 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша, Мәлік Мұқашев әлем чемпионаттарындағы алтын жүлделерінің санын үшке жеткізді.

Айта кетейік, спортшы бұған дейін 2021 жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында, 2023 жылы Мексиканың Веракрус қаласында өткен әлем чемпионаттарында да жеңімпаз атанған болатын.

Бұл жетістік – спортшының жылдар бойғы табанды еңбегі мен қайсарлығының, сондай-ақ бапкері Ербол Мерғалиевтің кәсіби шеберлігі мен жүйелі жұмысының нәтижесі.

Мәлік Мұқашев халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк байрағын биікке көтеріп, отандық спорттың мерейін үстем етіп келеді.

 Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале