23.11.2026, 16:15
Оқылды: 26

Батыс Қазақстан облысында «Рухтастар-2026» жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Жастар Рухы» Жастар қанаты жастар сыйлығына байқау жариялайды.

жп рәміздер күні (1)

"Біз сыйлыққа өтінімдерді қабылдауды бастаймыз!
⠀⠀
Өз мүмкіндігіңді келесі номинациялар бойынша сынап көр:
1. «Жылдың әлеуметтік жобасы»
2. «Жыл батыры»
3. «Еңбек адамы»
4. «Жыл еріктісі»
5. «Жылдың ІТ новаторы»
6. «Белсенді рухтас» жыл белсендісі
7. «Жастар Рухы» жастар қанатының «Үздік бөлімшесі»
8. «Жастар Рухы» жастар қанатының «Үздік филиалы»

Байқауға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ал қалған ережелермен «Жастар Рухы» Telegram арнасында таныса аласың.
«Жастар Рухы» Жастар қанаты парақшасының БИО-сында көрсетілген jastarruhy.kz ресми сайтына өтіп, «Google forms» арқылы өтінімді толтыр!" деп хабарлайды «Жастар Рухы» Жастар қанаты.
Өтінімдерді қабылдау 29 қарашаға дейін.
⠀

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале