Егде жастағы адамдар телефон және интернет алаяқтарының жиі құрбанына айналады. Қаскөйлер олардың сеніміне кіріп, жақындары үшін алаңдаушылығын пайдалану арқылы жинаған қаражатын иемденуге тырысады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысының полиция департаменті алаяқтықтың кең таралған бес тәсілі туралы ескертеді.
Ақтөбе облысында осындай алаяқтықтың бір дерегі тіркелді. 65 жастағы зейнеткерге белгісіз адамдар есептегіш орнату сылтауымен хабарласып, SMS-кодты айтуды сұраған. Кейін өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар ер адамды ақшасын "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген. Нәтижесінде зейнеткер 4 миллион теңгесінен айырылған.
Полиция департаменті облыс тұрғындарын ата-аналары мен егде жастағы жақындарының қаржылық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Есіңізде болсын: жақындарыңызбен дер кезінде жүргізілген түсіндіру әңгімесі оларды бар жинағынан айырылып қалудан сақтауы мүмкін!