25.11.2026, 9:00
Оқылды: 7

Батысқазақстандық ардагер самбошылар әлем чемпионатынан алты медаль жеңіп алды

Кипрдің Лимасол қаласындағы «Apollon Limassol Basketball Stadium» аренасында 35 жастан асқан спортшылар арасында самбодан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Ақ Жайық өңірінің балуандары да жоғары нәтиже көрсетті.

 БҚО самбошылары

Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) ұйымдастыруымен өткен жарысқа әлемнің
бірқатар елінен келген тәжірибелі спортшылар қатысты. Бұл шемпионаттың басты ерек-
шелігі – спорттық мансабын жалғастырып жүрген ардагер балуандардың шеберлігін шың-
дап, халықаралық деңгейде бақ сынауына мүмкіндік берілуі. Кипрдің Лимасол қаласында өткен ардагерлер арасындағы әлем шемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы 45 медаль жеңіп алса, оның алтауын батысқазақстандық балуандар қоржынға салды. М-7 (65 жастан жоғары) санаты бойынша 64 келі салмақ дәрежесінда сынға түскен Қазболат Құрмашев бозкілем бәсекесінің алғашқы күнінде-ақ алтын медаль еншіледі.

Дәл осы салмақта және жас санатында Жасталап Шапиев қоланы қоса сый етті. Содан кейін 88 келі салмақ дәрежесінде (М-4 – 45-49 жас) Ержан Абатов күмісті қанжығыласа, 71 келідегі мықтылар Мәлік Төлегенов (М-4 – 50-54 жас), Болат Мәліков (М-3 – 45-49 жас) пен Мұрат Баубеков (М-1 – 35-39 жас) жүлделі үштікке енді.

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале