2.05.2017, 12:27
Оқылды: 83

Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат мәреге жетті

????????????????????????????????????

 Сырым ауданында тоғызқұмалақтан Ж.Досмұхамедовтің 130 жылдығына арналған 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді. Тақта ойынына өңірден қатысқан жеті команданың 50-ге тарта спортшысы бақ сынасты.


  Жарыс қорытындысында командалық есепте жаңақалалықтардың жұлдызы жанды, оралдықтар мен бөрліліктер үздік үштіктен көрінді.

   Жалпы, төл мұрамыздың бірі саналатын тоғызқұмалақ ойыны бүгінде қарқынды дамуда. Адамның ой-өрісін дамытып, шыдамдылық пен шапшаңдыққа тәрбиелейтін спорттың бұл түрімен айналысуға бет бұрған оқушылар қатары да жыл санап еселенуде. Тиісінше, өңірде байрақты бәсекелерде топ жарғандар саны да артып келеді.

      БҚО дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әскербек Нұрмұхановтың айтуынша, ҚР IV Жастар ойындарынан БҚО жасөспірімдер құрама командасы қола медаль иеленсе, ересектер арасында өткен ҚР чемпионатында БҚО құрама командасы жеңімпаз атанған. Команданың биік белестен, жеңіс тұғырынан көрінуіне Сырым ауданы, Жетікөл ауылының тумасы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сайлан Матыловтың қосқан үлесі зор дейді.

Үміт Жәңгірова

 Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале