Алматы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Ғұмырдария» IX халықаралық ән-би байқауынан Ақжайық балалар музыка мектебінің оқушылары айтулы жетістікпен оралды.
«Аспапта ойнау» аталымы бойынша орта топтан домбыра класының оқушысы Азат Қадырғали (жетекшісі Халел Сапаров) пен бүлдіршін топтан қобыз класының оқушысы Назерке Сарқұлова (жетекшісі Арайлым Нетқалиева) гран-приді жеңіп алды.
Сондай-ақ Аружан Әділхан (жетекшісі Зухра Құсаинова) эстрадалық вокал бойынша жеңімпаз атанды. Ал «Дәстүрлі ән жанры» аталымында жасөспірім топтан Аружан Әділхан (жетекшісі Сұңғат Жанаев) I орынды қанжығалады. Шәкірттердің жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz