12.05.2017, 12:46
Оқылды: 27

ҰБТ-ға қатысуға мектеп бітірушілердің 71%-ы өтініш білдірді

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен «2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы» туралы баспасөз конференциясы өтті.


Шараға баспасөз конференцияның жұмысына  ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Дархан Ахмед-закі, департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тесттілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов қатысты.

2016 жылдың қазан айынан бастап ҰБТ жаңа форматы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Медиа-жоспар әзірленген. Мектеп бітірушілердің, сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, білім басқармалары әдіскерлерінің, ата-аналар қауымының, БАҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен 53-тен астам кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

10 наурыздан бастап барлық ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдануда. Осы айдың 10-ы күні қабылдау тоқтатылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале