16.05.2017, 11:17
Оқылды: 62

Батысқазақстандық ардагер самбошылар ел чемпионатында топ жарды

Chempionat sambo ardagerler     Түркістан қаласында самбодан спорт шеберлері арасында мәреге жеткен ел чемпионатында БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

       БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа еліміздің 14 облысынан 160 ардагер самбошы қатысып, жеті жас ерекшелігіне қарай (35 жастан жоғары) кілемге шықты.


      Чемпионат қорытындысында БҚО палуандары 8 алтын, 4 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды. Атап айтқанда, жас ерекшеліктеріне қарай Болат Мәліков, Қайсар Құсайынов, Қуаныш Әбуов 74 кг, Батырбек Ихсатов 100 кг, Ержан Абатов 100 кг жоғары, Қазболат Құрмашев 68 кг, Ғаділбек Сатыбалдиев 90 кг және Рамазан Нұрмашев 82 кг салмақта алтыннан алқа тақса, Ғанимат Жұбашев (62 кг), Талғат Жармұхамбетов (68 кг), Руслан Жақыпов пен Айбек Меңдіғалиев (82 кг) екінші орынға көтерілді. Ал Мәлік Төлегенов (68 кг), Тілек Кәкенов (82 кг), Жұмагерей Дінішев (+100 кг), Амангелді Бақтияров (62 кг), Марат Есмағұлов (74 кг), Айтбай Тастайбеков (100 кг), Ерес Ғабдрахманов (62 кг), Чапай Иманғалиев (62 кг) қола жүлдені иеленді. Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы құрамасы екінші, оңтүстікқазақстандық палуандар үшінші орынға көтерілді.

    Самбо күресінен ардагерлер арасында БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Қазболат Құрмашевтің айтуынша, самбодан ардагерлер арасында биылғы әлем чемпионаты 23-25 қазанда Грекияның Халкидики қаласында өтеді. Ел чемпионатында үздік шыққандар енді осы дүниежүзілік додаға дайындалады.

       Айта кетейік, Қ.Құрмашев осыған дейін ардагерлер арасында алты дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ Чапай Иманғалиев, Рамазан Нұрмашев, Қуаныш Әбуов және Қайсар Құсайынов та - әлем біріншілігінде үздік шығып, әбден ысылған, тәжірибелі палуандар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале